Таспа

АрқМПИ-да студенттерді қабылдау шарасы өтті

Жақында Арқалықтағы Жас көрермендер театрында дәстүрлі «АрқМПИ студенттер қатарына қабылдайды» іс-шарасы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.

Онда АрқМПИ ректоры Сейітбек Қуанышбаев құттықтау сөзі сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. Сондай-ақ 1-курс студенттеріне студенттік куәлікті ресми түрде табыс етті.


Бірінші курс студенттерін құттықтау үшін педагогикалық институттың талантты бишілері мен әншілері сахнаға шықты. Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында оқу — бұл тек дәрістер, семинарлар, тест және сессиялар ғана емес, әрбір студенттің шығармашылық дамуына үлкен қадам.

Ұйымдастырушылар бір айдан астам уақыт дайындалған іс-шараны көруге келгендердің қарасы да көп болды. Институтта өткен студенттерді қабылдау рәсімі жиналғандарға жағымды эмоциялар мен тамаша көңіл-күй сыйлады.

Жарқын мерекелік кеш бірінші курс студенттерінің көңілінен шыққандай. Осы сәттен бастап AрқМПИ өз ортасын кеңейтті деп айтуға болады. Алда енді бірінші курс студенттерін үлкен мүмкіндіктер күтіп тұрғаны анық.

 

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *