Қай пәнге басымдық беруді мектептер өздері шешеді

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева енді білім ордалары қандай пәнге басымдық беруді өздері шешетінін мәлімдеді деп хабарлады tobyl-torgai.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

ҚР Парламенті Сенатында өткен Үкімет сағатынан соң вице-министр журналистерге білім беру саласындағы реформаларды түсіндірді. Ол мектептерге енгізіліп жатқан типтік оқыту бағдарламасының маңызына тоқталды.

«Біз типтік оқыту бағдарламасын әзірлеп, мектептерге бердік. Осылайша, білім ордалары оқыту бағдарламасын өздері таңдайды. Мысалы, мектепте математика пәні сағатын көбейтеміз бе, әлде ана тілі пәнінің сағатын арттырамыз ба? Енді мұны мектептер өздері шешеді. Мұндай бұрын болмаған», – деді Эльмира Суханбердиева.

Осы орайда вице-министр аталған бағдарлама бойынша дарынды балаларға арналған мектептер мен «Білім-инновация» лицейі (бұрынғы «Қазақ-түрік» лицейі) жұмыс істей бастағанын атап өтті.

«Физика-математика бағытындағы білім ордалары типтік оқыту бағдарламасын алды. Ал қарапайым мектептер аталған жүйені енгізуге қорқып отыр. Бірақ кейбірі аталған бағдарламаны алды. Алдағы жылы барлық мектеп осы жүйені енгізеді деп ойлаймын», – деді Эльмира Суханбердиева.

Сонымен қатар ол пәнді таңдауда оқушылардың пікірі ескерілетінін де жеткізді.

«Мұнда оқушылар мен ата-аналардың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Ата-аналар мен педагогикалық кеңес қандай пәнге басымдық беруді ақылдасып, өздері шешеді», – деп аяқтады сөзін вице-министр.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *