Қостанайлық студенттер әйелдерді жәбірлеуге қарсы

Қостанай политехникалық колледжінің еріктілері әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа өздерінің қарсылығын флэшмоб арқылы білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі egemen.kz-ке сілтеме жасап. 
Студенттер бұл шараға тиянақты дайындалыпты. Өздерімен бірге «Әйелдерге зорлық-зомбылық тоқтатылсын!» деген жазуы бар плакат алып шықты. Флэшмобтың би қимылдарын үйренді. Студенттерге мұндай флешмоб өткізу идеясын әйелдерді жәбірлеуден қорғап жүрген полицейлер берген екен.
«Биыл біздің акцияға тұрмыстық озбырлық, зорлыққа қарсы жігіттер қыздармен бірдей атсалысты. Болашақ отбасын құратын жас жігіттер мұны түсінеді. Соңғы уақытта ер кісілер әйелдерді жәбірлеуге қарсылығын осындай шараға оң көзқарасын білдіреді» дейді Қостанай қалалық полиция басқармасының қызметкері Гүлзада Кенжебаева.
Полицейлер ұрып-соғып, күш көрсетуден қостанайлық әйелдер қорғалғандығын айтады. Қалада дағдарыс орталығы бар, ондағы мамандар саламатты өмір салтын құруды насихаттап, психологиялық көмегін де береді.

Флэшмобтан кейін белсенділер ойын-сауық орталығына келушілерге әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын дағдарыс орталығының телефондары мен мекен жайы жазылған буклеттерді таратты.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *