Тұлғатану ғылымын қалыптастыру қажет

Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың мақа­ласы халқымыздың мәр­­те­бесін тағы бір көтеріп тастады. Соны­мен бірге Ұлы даланың қасиетін, онда қалған ата-баба ізі адамзаттың даму тарихына қосылар үлкен үлес екенін тағы бір айқындап бер­гендей. Мақалада айғақ­тал­ған мәліметтер мектеп оқу­шы­ларынан бастап, аға ұрпақ өкілдері арасын­да талқы­лануы қажет деп ойлай­мын.
Мақала билік басындағы «техно­краттарға» ой салып, мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқы­­тылып жатқан тарих пәні­нің оқу жоспары мен оның сапа­сына көңіл аударады ғой деген үміттемін. Мақалада бүгінгі тарих ғылы­мында ескерілмей жат­қан көптеген проблема­лар назарға алынған. Әсіре­се бүкіл түркі халықтарына ор­тақ та­ри­хымыз терең зерделенген. Тарих бізді бір-бірімізден алшақ­тат­пай, керісінше біріктіретін фак­тор болуға тиісті. Бұл – дәлел­деуді қажет етпейтін ак­сио­ма.
«Қазақстан – бүкіл түркі халық­тары­ның қара ша­ңы­рағы» деген Ел­ба­­сы­­мы­здың идеясын бар ықы­ла­сым­­мен қолдаймын. Ма­қалада тарихшыларға үлкен үміт артылып отыр. Кез келген тарихи шығар­ма дерек негізінде жазы­латын­дығы белгілі. Сон­дықтан да архив дерек­терін іздеу, табу және талдау, сөйтіп оларды ғылыми айналымға қосу оңай шаруа емес. Оның үстіне көрші елдер архивіндегі халқымыздың тари­хы­на қатысты құжаттарды алу тіпті қиын­дап кетті. Тәуелсіздік жыл­­дарында жи­нақ­талған архив құжат­тарының ғылы­­ми айналымға түспей жатқан­дығы да белгілі. Өйт­кені оларды оқи­тын және талдайтын маманға зәру­міз. Өкініштісі, еліміздің бірде-бір оқу орны деректанушы маман дайындамайды.
Президентіміз тарихы­мыз­­дағы тұлғалар рөлі мәсе­­­­лесіне көңіл аудар­ған екен. Бүгінде жер-жер­лер­де тұлға­лар жөнінде ірілі-уақ­ты кітап, кітап­шалар шығып, ескерт­­кіш­тер қойы­лып жүр. Бірақ ескерт­кіш­тер­дің мәртебесін анықтап, олар жөнін­де деректер жинап жатқан ешкім жоқ. Сонымен қатар артында ақшалы ұрпағы бар кісі­лерге де көше­нің атын беру ісін тықпалау да жоқ емес. Сон­дықтан тұлғатану ғылы­­мын қалыптастыруымыз қа­жет. Оның методологиялық және теория­лық негіздерінің жаса­луы кезек күттір­мейтін мәселе.
Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор

ҚОСТАНАЙ

egemen.kz

Мынаны да қараңыз

«Біз үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз»: Екатерина Смолякова, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат

Respublica партиясы өкілдерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау тұрғындарымен өткен кездесу барысында ҚР Парламенті ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *