Қостанай ауруханалары науқас зейнеткерді сандалтып қойған

Жуырда «Наш Костанай» редакциясына зейнеткердің немересі Әлия Бермұхамедова хабарласып (аты-жөні өзгертілді), 26 қарашада шамамен сағат 18:00-де әжесі өзін нашар сезінгенін айтқан. Әлия жедел жәрдем шақырып, оларды облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «НК» басылымына сілтеме жасап.

— Алайда, онда да, перзентханада да қажетті гинеколог-хирургтар болған жоқ. Содан кейін бізді қалалық ауруханаға жіберді. Рас, ол жерден бізді тез қуып жіберді. Кезекші қолын сілтеп, «ол бізге қарамайды!» деді. Әжем Лисаков қаласында тіркеуде, ал бізде қонақта болды. Мен көзіме жас алып, олардан көмек сұрадым, бірақ ешкім ниет білдірмеді. Жедел жәрдем көлігімен бізді үйімізге қайтарды, — дейді Әлия Бермұхамедова.

Дәрігерлер қызға жеке клиникаға баруға кеңес беріпті. Бірақ мұндай шұғыл жағдай болмаса, олар солай істейтін де еді.

— Біздің жағдайда жеке дәрігерге қалай барамыз?! Әжемізге үйде өзіміз де қолымыздан келгенше ем-дом жасадық. Бұл жолы әйтеуір бәрі жақсы болып, әжеміз аман қалды, ал егер жағдай қиындап кеткенде қайтер едік?! Сонда дәрігердің Гиппократқа берген анты түкке тұрмайтын болғаны ма?! — дейді Әлия таңданысын жасыра алмай.

P.S. Естеріңізде болса, tobyl-torgai.kz сайты Қостанай облыстық ауруханасының кейбір  дәрігерлерінің науқастарға салғырт қарағанын сынап, «Қостанай облыстық ауруханасы науқастарға неге қырын қарайды?!» деп мақала жазған болатын.

 

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

Мынаны да қараңыз

Қостанайдағы ет комбинаты ісі бойынша 49 адам күдікке ілінді

Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысындағы департамент «BEEF EXPORT GROUP» компаниясының ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан ...