Monthly Archives: қаңтар 2020

Қостанайлық полицей қызметін атқару кезінде қаскөйдің қолынан қаза тапты

Қостанайлық полицей Дархан Базарбаев қызметін атқару кезінде мерт болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кеше «102» пультіне Тобыл қаласының тұрғыны хабарласып, Комсомольский көшесіндегі үйде отбасылық жанжал туындағанын айтқан. «Патрульдік полицейлер Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов оқиға орнына 6 минуттан соң жетті. Тәртіп сақшылары 28 жастағы үй иесінің өзінің отбасын пышақтап өлтірмек болғанын анықтады. Отбасы мүшелері ол пышақ ...

Толығырақ »

Ұшақ апатынан қаза тапқан жігітті ауылдастары еске алды

Өткен жылдың соңында қалың қазақтың қабырғасын қайыстырған оқиға болып, «Bek Air» компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 47 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенді. Осы ұшақта Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылының тумасы Абай Нұрбековтің де отбасы болды. Өкінішке қарай, отағасы туған күніне бір апта қалғанда айтып келмейтін апаттан қаза тапты.        Соңғы жылдары Алматыдағы ...

Толығырақ »

Боран салдарынан Қостанай облысының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Қостанай облысының екі ауданы мен бір қаласында жарық өшіп қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.  Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 16-17 қаңтар күндері Арқалық қаласы, Амангелді және Қамысты аудандарында жарық жүйесі өшіп қалған. «Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты желдің екпіні 30 м / с-қа дейін жетіп, боран соғып тұр. Соның салдарынан кей өңірде сым желілері қысқа ...

Толығырақ »

Футболдан Қазақстан суперкубогы Қостанайда өтеді

Футболдан Қазақстан суперкубогы Қостанай қаласында өткізіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Естеріңізге сала кетелік, биылғы футбол маусымы 29 ақпанда өтетін суперкубок ойынымен басталады. Бұл бәсекеде былтыр чемпион атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогына қол жеткізген Қызылорданың «Қайсар» командалары кездеседі. Матч Қостанай қаласындағы «Тобыл Арена» манежінде өтеді. Сондай-ақ 2020 жылғы Премьер-лига командалары арасындағы ойын күнтізбесі жасалды. Алғашқы тур 7 наурызда өткізіледі. Бұл ...

Толығырақ »

Қостанай облысына биыл 1700-ге жуық адам қоныс аударады

Биыл Қостанай облысына 1700-ге жуық адам көшіп келеді. Олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалады деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Қостанай облысында еңбек ресурстарын оңтайландыруды көздейтін өңірлік квотаға 1651 адам іліккен. Оның ішінде 1 мыңнан астамы қоныс аударушы, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының 36 түлегі және шет елден оралған 350 қандасымыз бар. «Қостанайға қоныс аударушылардың дені ...

Толығырақ »

Қостанай облысында көктайғақ болады

Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» өкілдері хабарлады. «17 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, тұман, таңертең және күндіз күшті қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с. Ал Қостанай қаласында 17 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал» делінген хабарламада.      

Толығырақ »

Биыл Қостанай облысында 16 мың жұмыс орны ашылады

Биыл Қостанай облысында «Еңбек» бағдарламасына бөлінетін қаржы көлемі өсті. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова баяндап берді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде шағын несие беруге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 8,4 млрд теңгені құрайды. Барлығы 526 жобаға қолдау көрсетіледі. Бұл жоспарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен. «Өңірде ...

Толығырақ »

Арқалықта колледж директоры қаржы жымқырғаны үшін жазаланды

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  — 6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен Оспанов А.С. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп ...

Толығырақ »

Президент Әкімшілігі мемлекеттік жәрдемақының көлемін атады

Президент Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram парақшасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген әлеуметтік саладағы кейбір өзгерістерді түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларының лауераттарына, «Батыр ана» атағын алғандарға, І, ІІ-дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін айсайынғы мемлекеттік жәрдемақының көлемі табысқа қарамастан 16 973 теңгені құрайды. Мүгедек баланы кәмелет жасына толғанға дейін тәрбиелейтін анаға ...

Толығырақ »

Қостанайда бір жылда 20 мың автокөлік құрастырылды

Қостанайда өткен жылы 20 мың автокөлік құрастырылса, оның дені экспортқа шығарылыпты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов айтып берген. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жыл сайын өндіріс көлемдерін ұлғайтып жатқан көрінеді. «2019 жылы 20 мың автомобиль құрастырылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артық. 2018 жылғы 10 айда 9 321 бірлік шығарылған. Кәсіпорын биыл 25 мың автомобиль құрастыруға ниетті. ...

Толығырақ »