11.02.2020

Қостанай облысының бірнеше елді мекенін су басуы мүмкін

Қостанай облысында су тасқынынан төнетін қатер көп деп хабарлайды «Хабар 24».  Аймақта сегіз мыңдай адам тұратын 96 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Осы ретте құтқарушылардың диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Төтенше жағдай бола қалса, арнайы техникалар да сақадай-сай тұр. Қар мөлшері көп түскен Меңдіқара, Қарабалық, Қарасу, Сарыкөл аудандарына төрт су айдау техникасы мен мотопомпа жұмылдыру көзделген. Облыс аумағынан ...

Толығырақ »

Ы. Алтынсарин музейі жәдігер жинауға волонтерлерді жұмылдырады

Қостанайдағы Ы.Алтынсарин музейі еріктілерді жәдігер жинауға жұмылдырады. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жыл – еріктілер жылы. Осыған орай Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі волонтер жастармен бірлесе отырып «Туған жер» жобасы аясында аймақта «Ұлы Дала ұстазы» ғылыми экспедициясын өткізуді қолға алып отыр. Музейде қазақстандық жастар күніне арналған еріктілермен еркін кеш өтті. Мақсат — биылғы Еріктілер жылында облыстағы мәдени ...

Толығырақ »

Арқалықта мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды

Арқалық қаласында мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп беру жиынында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Арқалық қаласында мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды. Кешенде 7,5 мың бас малды өсіруге болады. Оның ішінде 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы мен 2,5 мың басқа арналған асыл тұқымды репродуктор болады. Жоба құны 6 млрд ...

Толығырақ »