17.02.2020

Қостанай облысының әкімі жас дәрігерлерді жұмысқа шақырады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов есеп беру жиынында Тобыл өңіріне басқа аймақтардан келген дәрігерлер баспанамен қамтылып, оларға көтерме ақы төленетінін мәлімдеді. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі хабарлады.  Архимед Мұхамбетовтің мәліметінше, 2019 жылы облысқа 265 дәрігер келген. Оның ішінде ауылдық жерге жұмысқа жіберілген 82 маманға 123 млн теңге көтерме ақы төленген. Медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де шешіліпті. «Былтыр облыс әкімдігі «Қазақстан ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 143 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру жиыны барысында аймақта 2019 жылы өңірде жалпы 335,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Облыс әкімінің айтуынша, биыл осы салада өсім 10 пайызға ұлғаяды. «Былтыр жалға берілетін 5 тұрғын үй пайдалануға берілді, олардың екеуі Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында және Қобыланды батыр көшесі бойында орналасқан. Амангелді ...

Толығырақ »

Президент тапсырмасы: Арқалықты жылумен жабдықтау жүйесі жыл соңында өзгереді

Арқалық қаласын жылумен қамтамасыз ету жүйесі өзгеретін болды. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру жиынында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Қостанай облысының Арқалық қаласын жылумен қамтамасыз ету ел қазынасына қымбатқа түсетін. Себебі мазут бағасы басқаларға қарағанда шарықтап тұр. Шағын қаланың жылдық отын қорын жасау үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард тенгеден астам дотация бөлінетін. Жергілікті жылу орталығын ...

Толығырақ »