Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған тәртіп сақшыларын тергеуге алды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қостанай облысы жол-патрульдік полиция қызметкері мен Қостанай қаласы Полиция басқармасының «Оңтүстік» бөлімінің жедел кезекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар жол-көлік оқиғасы қатысушысынан 40 мың теңге алып, жазаға тартпауға уәде еткен» деді ведомстводағылар. Қазір тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.
Толығырақ »28.02.2020
Қостанай облысында мемқызметшілер жетіспейді
Қостанай облысының ауылдарында кадр тапшылығы байқалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша lепартаментінің басшысы Асхат Искендиров мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысының 20 қаласы мен аудандарында 734 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оларда 6254 мемлекеттік қызметші бар. Алайда ауылдық жерлерде кадр тапшылығы байқалады. «Облыстың мемлекеттік органдарында 562 бос орын бар. Барлығы 240 ауылда ...
Толығырақ »