Қостанай облысы әкімінің есеп беру жиынында Қостанай қаласының «Алтын Арман» шағын ауданының тұрғындары атынан мешіт құрылысын бастау туралы сұрақ қойылды. Сауал қоюшы ақсақалдың сөзінше, «Алтын Арман» шағын ауданының тұрғындарына орталықтағы мешітке келу қиындық туғызады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Бұл мәселе туралы нақтылап өтейін. Облыс орталығында үш мешіт жұмыс істеп тұр. 3000 адам қабылдайтын орталық мешіт пен Абай көшесіндегі қалалық мешіт ...
Толығырақ »18.02.2020
Ауылдарды ауызсумен қамту, газдандыру жұмыстары жүріп жатыр — облыс әкімі
Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылғанын айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. 2019 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында ауылдарды сумен жабдықтаудың 22 жобасына 8,1 млрд теңге бағытталды. Б. Майлин ауданының Новоильиновка, Жітіқара ауданының Забеловка, Арқалық қаласының Восточное, Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне алғаш рет қосылды. «Бүгінде 175 ...
Толығырақ »Қостанай облысында сапалы білім беруге қажетті жағдайлар жасалады
Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде өңірде жатақхана мәселесі толықтай шешілетінін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Студенттерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті жалпы құны 707,2 миллион теңгеге 336 орынға арналған жатақхана салып жатыр. Бұдан бөлек Қостанай қаласында 4 студент үйін салу жоспарланды. Атап айтқанда, Қостанай медициналық колледжі, жоғары политехникалық колледжі, автомобиль көлігі колледжі, А.Байтұрсынов ...
Толығырақ »А. Мұхамбетов: Облыс спорты айтулы жаңалықтарға толы болды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру жиынында спорт саласындағы 2019 жылдың басты жетістіктері туралы баяндады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Облыс әкімінің айтуынша, 2019 жылы өңірде спорт инфрақұрылымына қомақты қаржы бөлінді. 2,5 мыңға жуық спорт нысанының арқасында жаппай спортпен айналысатын халықтың үлесі 31,6%-ға жеткен. Жалпы 30 спорт алаңы, оның ішінде ауылдық жерде 12 жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді. «Облыс ...
Толығырақ »Облыста 2025 жылға дейін шамамен 2 мың шақырым автожол жөнделеді — Архимед Мұхамбетов
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде өңірде 2025 жылға дейін шамамен 2 мың шақырым автожол жөнделетінін мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Биыл Қостанай облысында жол жөндеуге 43,7 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық жолдарға – 6,4 млрд теңге, облыстық маңызы бар жолдарға – 13,9 млрд теңге, аудандық жолдарға және елді мекендердегі көшелерге 23,4 млрд ...
Толығырақ »