Қостанай облысында бетон зауыты салынады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құрылыс алаңдарына барды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір басшысы «Kostanay Plaza» сауда ойын-сауық орталығының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс алаңының көлемі – 68 мың шаршы метр. Қазір мұнда нысанның ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

«Орталықта бассейн, монша және сауна ашылады. Жобаны тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Бұл жобаның Қазақстанда баламасы жоқ екенін атап өткім келеді. Одан әрі «Қонай» шағын ауданының құрылыс барысын тексердім. Осы шағын ауданда жалпы ауданы 145,7 мың шаршы метр болатын 30 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысына учаскелер бөлінген. Қазіргі уақытта 19 несие үйінің құрылысы жүргізілуде. Коммуналдық желілер тартылады» деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімі құрылысшылармен кездесіп, бетон тасымалдау мәселелерін шешу барысын талқылады. Осы мақсатта Қостанай қаласында бетон зауытын орнатуға жер учаскесі бөлінеді. Зауыт құрылысы алдағы жылы басталмақ.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовке жоспарланған жобалардың іске асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *