Қостанай облысының диқандарын қолдауға 19 млрд теңге бөлінді

Бүгін облыс әкімдігінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары жөнінде кеңес өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Қостанай облысында 4, 7 млн га алқапқа дән себіледі. Оның ішінде 3 млн 819 мың га – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдары. 176 мың гектарға жемшөп дақылдары егіледі. Әртараптандыру кешені аясында майлы дақылдар 700 мың гектарға дейін ұлғаймақ. Тұқымдар толық қамтамасыз етілген.

Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 19,3 млрд теңгеге қаржыландырылады.

«Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 млрд теңге бөлуді тапсырды. Екі жарым мыңға жуық фермер «Кең дала» бағдарламасы бойынша қолдауға ие болды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге несиелер жылдық 5%-дан беріледі. Облыста көктемгі егіс жұмыстарына 71 мың тонна дизель отыны бөлінді. Егіс алқабында санитарлық нормалар толығымен сақталған. Шаруа қожалықтары мен қызмет көрсету компаниялары жұмысшыларын жеке қорғаныш және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етуі шарт» дейді басқарма басшысы Жансұлтан Тәукенов.

Мемлекеттен берілген көмекті астық егетін ірі компаниялар да алды. Мәселен, «Олжа Агро» компаниясы осы жылы 535 мың гектарға дақыл егуді жоспарлап отыр. Өнім сапасы мен көлемін арттыру мақсатында былтыр 9 млрд теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 2020 жылғы егіс жұмыстарын бақылауға алуды және АӨК мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын түсіндіру бойынша аудандарда жұмыс жүргізуді тапсырды.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *