«Жігері жасымаған» «Жігер»: Арқалықта 45 жыл бойы жөнделмеген стадион жаңғыртылады

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арқалық қаласы дене тәрбиесі және спорт бөлімінің құзырындағы «Жігер» стадионы биыл толық жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. 1975 жылы іргесі қаланған нысан осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген. Тек 2017 жылы стадиондағы футбол алаңы ауыстырылған. Алаң жиегіне жасанды төсеніштер мен жүгіру жолақтары орнатылды. Стадион қазір 5000 адамды сыйдыра алады. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң орын саны да көбеймек.

Арқалық қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Әлия Төлегенованың айтуынша, стадион «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қалыпқа келтіріледі. Жоба бойынша 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Олардың 8-і – жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы алынғандар. Қызметкерлердің жалақысы 85000 теңгеден кем болмайды.

«Жалпы Арқалық қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 10 ірі жоба іске асырылады. Қазір 3 жоба бойынша қаражат бөлінді. Соның бірі – «Жігер» стадионына күрделі жөндеу жүргізу. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып кетті. Онымен «Аллюминстрой» ЖШС айналысуда. Жобаның құны – 65,2 млн теңге. Жұмыс барысында ішкі инженерлік желілерді ауыстыру және ішкі әрлеу (сырлау, ақтау) қарастырылған. Мердігер ұйым бұл жұмыстарды қыркүйек айына дейін аяқтайды» деді Әлия Төлегенова.

Айта кетейік, Арқалықта құрылған «Горняк», «Торғай» спорт клубтары ойындарын осы «Жігер» стадионында ұйымдастырып тұрған. Кейін бұл ұжымдар жабылып, стадионда республикалық дәрежедегі турнирлер өткізілмеді.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *