Науырзым ауданында 9 жасар бала суға батып кетті

Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 мамыр күні Науырзым ауданының Қожа ауылында болған деп хабарлайды Қазақпарат.

«Сағат 15.00 шамасында арнайы жабдықталмаған жерде 9 жасар бала суға батып кетті. Қазіргі мәлімет бойынша, ол ауылдың шетіндегі жасанды су қоймасы маңында ойнап жүріп, сәлден соң суға түскен. Қалған мәліметтер анықталып жатыр» делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Құтқарушылар ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды, өзенге, су қоймаларына жалғыз жібермеу керектігін ескертеді.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *