Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот алдындағы тергеу амалдарын бастады.
Alau.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, шенеуніктер қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.
Олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына төлем ретінде 10,8 млн теңге көлеміндегі ақшаны беруге заңсыз мәжбүрлеген. Қазірде тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, лауазымды тұлғаларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.