Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 24 ақпанда күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің біріне қарумен барып, 792 мың теңгені иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ автокөліктер тексерілді. Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама ...
Толығырақ »Tag Archives: Күдікті
Қостанай облысында екі адамды өлтірген күдікті ұсталды
Қостанай облысына қарасты Надеждинка ауылында екі адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне, 23 қаңтарда жанып кеткен үйдің опырылған төбесінің астынан бір адамның және далада, қар астынан тағы бір адамның мәйіті табылған. Табылған екі мәйіт бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, — делінген хабарламада. Қазіргі ...
Толығырақ »Амангелді ауданының тұрғынынан 100-ге жуық ақбөкен мүйізі табылды
Қостанай облысы Амангелді ауданының 46 жастағы тұрғынынан 96 ақбөкен мүйізі табылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Тәртіп сақшылары ер адамның сөмкесінен ақбөкеннің 96 мүйізін тапты. Тәркіленген заттың салмағы 15 келіден асты», – делінген бүгін таратылған хабарламада. Факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе ...
Толығырақ »Меңдіғара аудандық білім бөлімінің басшысы асылып қалды
Қостанай облысы Меңдіғара аудандық білім бөлімінің бастығы Қалыбек Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «ТоболИнфо»-ға сілтеме жасап. Қайғылы оқиға бір күн бұрын Боровское ауылында болған. Қалыбек Жүгінісов 2 аптаға жуық үй қамауында болған, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген екен. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. 2 маусымда әйелі Қостанайға кеткенде ол үйде жалғыз қалған, ал кешке туыстары оны асылып ...
Толығырақ »«10,8 млн теңге»: Қостанай шенеуніктері кәсіпкерді пара беруге мәжбүрлеген
Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот алдындағы тергеу амалдарын бастады. Alau.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, шенеуніктер қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына төлем ретінде 10,8 млн теңге көлеміндегі ақшаны беруге заңсыз мәжбүрлеген. Қазірде ...
Толығырақ »