Қазақстандық 80 жастағы зейнеткер Ресейдегі ғашығына жете алмай отыр. Алғашқы махаббатын 65 жыл өткеннен кейін тапқан ақсақалды көші-қон құжаттарын дұрыс рәсімдемегені үшін көршілес елден депортациялаған. Бұл туралы arasha.kz сайты жазды.
Романтикалық оқиға сонау Кеңес Одағында басталыпты. Александр Крум мен Ольга есімді сұлу Қазақстанда оқып жүргенде танысады. Үш жылғы достықтары сүйіспеншілікке ұласады. Бірақ Оля оқуын жалғастыру үшін Пермь қаласына кетеді. Александр артынан бармақ болғанда қыз тұрмысқа шығып үлгереді. Сүйіктісінен үмітін үзген жігіт Қостанай облысында қалып, үйленіп балалы-шағалы болды. Бірі күйеуінен, бірі әйелінен айырылған екеудің тағдыры 65 жылдан кейін қайта тоғысты. Тек Александр Крум Ресейге келгенде көші-қон құжаттарын дұрыс рәсімдемегені үшін депортацияланған. 80 жастағы ақсақал оның 5 жылдық мерзімі біткенше өліп қалмасам дейді.
фото: kstnews.kz