Архимед Мұхамбетов Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарды 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

«Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет еліміздің жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Оларды құрметтеу — әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.
Биыл біз ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнінің, «Қазақстан Республикасы» деп аталатын егемен мемлекеттің құрылуының 30 жылдығын атап өтеміз. Мемлекеттік рәміздер — еліміздің бірегейлігі мен тәуелсіздігін бейнелейтін ажырамас нышандардың бірі.  Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде — ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді.
Ресми халықаралық іс-шараларда Отанымыздың әнұраны шырқалса немесе көк туымыз көтерілсе, әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриотизм сезімін сезінетініне сенімдімін.

Құрметті жерлестер!

Осы мереке күні сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік тілеймін! Біздің Отанымыз — Қазақстан гүлдене берсін, оның тәуелсіздік туы биік болсын!» деп жазды аймақ басшысы.

фото: egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *