Қостанай облысында коронавирустың 38 жағдайы тіркелді

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

3 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 38 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,24 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. — 18, Рудный қ. — 7, Арқалық қ. – 4, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 2-ден, Жітіқара қ., Амангелді, Жангелді, Мендықара, Б.Майлин және Федоров ауданында 1-ден.

25 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 10 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 28 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 03 маусым аралығында COVID-19-дың 15867 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 15030.

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанайда жеті жасар қыз бала үйінде өртеніп кетті

Қостанай қаласында алты пәтерлі кірпіш үйден өрт шығып, жеті жасар қыз бала көз жұмды. Ал ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *