Арқалық қаласына қарасты 5 ауылда әкімдер сайлауы өтеді

Еліміздің аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің 730 әкімін сайлау 25 шілдеге белгіленген болатын.  Осы орайда Қостанай облысы Арқалық қаласына қарасты бірнеше елді мекенде осы науқанға байланысты нендей іс-шаралар болып жатқанын білу үшін қалалық Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Арыстан Айтмағамбетовке хабарласқан едік. 

Ол өз сөзінде ҚР ОСК үлгілік күнтізбелік жоспары негізінде қалаға қарасты 5 ауыл — Көктау, Аңғар, Восточное, Жаңақала, Екідің әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жасалғанын және бекітілгенін айтты.

Сайлау туралы ақпарат пен сайлау комиссиясының ресми құжаттарына еркін қол жеткізуге болады. Қала әкімінің сайтында қаулылардың мәтіндері, күнтізбелік жоспар, комиссиялардың құрамы туралы хабарламалар, округтердің шекаралары, кандидаттар туралы хабарламалар орналастырылған. Барлық іс-шара қатаң түрде күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазір ұсыну және тіркеу кезеңі жүріп жатыр. 2021 жылғы 26 маусымнан бастап ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Аумақтық сайлау комиссиясы арнайы құжаттарды жіберді. Тексеру оң жауапты алғаннан кейін ауыл әкімдерінің кандидаттарын тіркеу жүргізіледі. 8 шілдедегі жағдай бойынша өзін-өзі ұсынған 6 кандидат, Nur Otan партиясынан 5 кандидат, Қазақстанның Халық партиясынан 1 кандидат ұсынылды, — деді ол.

Сондай-ақ қалалық Сайлау комиссиясының төрағасы бүгінде кандидаттардың сенім білдірген адамдары тіркелгенін жеткізді.

Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған кандидаттарды қолдау үшін қол қою парақтары табыс етілді (өзін-өзі ұсынғандар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1 пайызын жинауы қажет). Қазіргі уақытта өзін-өзі ұсынған кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың сенімділігі тексеріліп жатыр. Бес ауыл бойынша сайлаушылардың жалпы саны — 1263 адам. Дауыс беру күні олар жеке санитарлық сақтану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін жергілікті бюджеттерден қаржы бөлу көзделген, — деді Арыстан Есмұхамбетұлы.

Сайлауға 25 адамнан тұратын 5 учаскелік комиссия, сондай-ақ, 7 адамнан тұратын аумақтық сайлау комиссиясы қатысады. Бұлардың барлығы — комиссия мүшесі.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес 4 шілдеде сайлаушылар тізімін жергілікті атқарушы орган учаскелік комиссияларға берді. Олар 10 шілдеден бастап сайлаушылар тізімде екендігіне көз жеткізу үшін сайлаушылар тізімін тексере алады. Материалдық-техникалық жағынан сайлау учаскелері қажеттінің бәрімен қамтылған. Олар, сондай-ақ, санитарлық қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Олардың еңбегіне ақы төлеу үшін қаржы, сондай-ақ, кандидаттардың үгіт материалдарын газетке жариялауға, теледидар эфирінде сөйлеуге, полиграфиялық өнім шығаруға және өзге де шығыстарға ақы төлеу үшін қаржы да көзделген, — деді Арқалық қалалық Сайлау комиссиясының төрағасы.

Арыстан Айтмағамбетов сөз соңында ауыл әкімдерін сайлау жауапкершілігі жоғары маңызды қадам екенін айтты.
Оның айтуынша, тұрғындардың белсенді болуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ әр ауылдың тұрғыны өз таңдауын жасауға құқылы.

Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ

BAQ.KZ

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *