«Манделаның туған күні»: Қостанай академиясында полигон кешенінің салтанатты ашылуы өтті

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қылмыстық-атқару жүйесінің полигон кешенінің салтанатты ашылуы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шара апартеид кезінде адам құқықтары үшін күрескен белсенділердің ең танымалы Нельсон Манделаның туған күні қарсаңында жүзеге асырылды.

Полигонның салтанатты ашылу рәсімі қылмыстық құқық және жазаны орындау кафедрасының тыңдаушылары, оқытушылары мен ардагерлерінің қатысуымен болды.

Оқу орнының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов құттықтау сөзінде болашақ мамандардың бірінші кезектегі міндеті өзінің кәсіби шеберлігін арттыру, дағдыларын жетілдіру, іскерлігін бекіту екенін атады.

Сондықтан Академия базасында бұл үшін барлық жағдай жасалуда.

Өз сөзінде Қостанай академиясының бастығы, полиция полковнигі Н.Биекенов атап өткендей, бұл полигонның құрылымы бүкіл Қазақстанда жоқ. Қостанай академиясы – қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің нақты жағдайларын имитациялайтын оқу полигонын құра алған жалғыз жоғары оқу орны.

Оқу полигоны жұмысының негізгі мақсаты — курсанттардың алған теориялық білімдерін бекіту және оларды практикалық қызметте қолдану. Мұнда олар тұрғындардың қауіпсіздігі жоғары деңгейде болуы үшін өз дағдыларын, іскерліктері мен шеберліктерін шыңдайтын болады.

фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *