«Вакцина алмаған студенттер сабаққа кіргізілмейді»: Қостанайдағы ЖОО мәтіннен қате кетті деп отыр

Биыл 9 шілдеде академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті өздерінің тарапынан жіберілген SMS тарату мәтінінде қате кеткенін растап отыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Осыған байланысты бүгін SMS таратуды қайта жіберу іске қосылды.

«ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде бірінші компонентпен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізу ұйымдастырылсын. Осыған байланысты, университет әкімшілігі барлық білім алушыға тұрғылықты жері бойынша вакцинациядан өтуді ұсынады және медициналық қарсы көрсетілімдері бар анықтаманы 87774414568 немесе pkkstu@mail.ru. жіберуді сұрайды. Барлық сұрақтар бойынша деканаттарға немесе эдвайзерлерге хабарласуға болады», — делінген хабарламада.

Қостанай облысында және жалпы әлемде коронавирустық инфекцияның таралуының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайын назарға ала отырып, университет келесі іс-шараларды өткізді:

1. ППҚ мен қызметкерлер, сондай-ақ, студенттер арасында вакцинация жүргізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының медиа-жоспары жасалып, бекітілді;

2. ППҚ мен қызметкерлер, сондай-ақ, студенттер арасында вакцинация жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

3. Covid-19 ауруына шалдыққан университет қызметкерлері мен ППҚ қатарына 825 706 теңге материалдық көмек көрсетілді;

4. Университет Ashyq жүйесін енгізді, онда оқу корпустары мен жатақханаларда QR-кодтар қамтамасыз етілді, осыған байланысты университет вакцинациядан өту бойынша білім алушыларға SMS-хабарламалар жіберді.

«Қостанай облысы әкімдігінен вакцинацияға қатысты қандай да бір нұсқаулар болмағанын қосымша хабарлаймыз», — делінген ақпаратта.

Еске сала кетсек, бұған дейін ЖОО тарапынан егер студенттер 15 тамызға дейін вакцина алмаса, онда сабаққа кіргізілмейтіні туралы ақпарат тараған еді. Бұл студенттердің наразылығын тудырған.

фото: ашық дереккөз

скриншот: Тимур Гафуров 

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *