«36 градус ыстық»: Торғай даласын тағы да өрт шарпуы мүмкін

21 шілдеде Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Қостанай облысында оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

21 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз 21-23 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. 21-23 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 22-23 шілдеде облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

21 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 41 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

фото: ашық дереккөз

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...