Токио-2020: Ертең жерлесіміз Василий Левит рингке шығады

27 шілде күні Токио Олимпиадасында бірнеше отандасымыз жарыс жолына шығады. Олардың арасында жерлесіміз — Қостанай облысы Федоров ауданының тумасы, даңқты боксшы Василий Левит те өнер көрсетеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап.

Дзюдодан Олимпиаданың төртінші жарыс күні өтеді. Қазақстан атынан 81 келіде түркістандық Дидар Хамза бақ сынайды. Оның алғашқы қарсыласы — әлем чемпионы Моңғолия атынан қатысатын Саид Моллаеи.

Дидар Хамза / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Дидар Хамза / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Дзюдо. Ерлер, 81 келі. 1/16 финал 08:00. Дидар Хамза — Саид Моллаеи (Моңғолия)

Дзюдодан ерлер арасындағы 1/16 финал Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталады. Сол секілді дәл осы уақытта таэквондодан Жансель Дениз өзбекстандық Светлана Осиповамен кездеседі.

Ерлерден Руслан Жапаров германиялық Александр Бахманмен келесі кезеңнің жолдамасын сарапқа салады.

Таэквондо. Әйелдер, 67 келі 08:00. Жансель Дениз — Светлана Осипова (Өзбекстан)

Жансель Дениз
Жансель Дениз

Таэквондо. Ерлер, 80 келі 09:45. Руслан Жапаров — Александр Бахманн (Германия).

Руслан Жапаров
Руслан Жапаров

Теннистен Қазақстан екі спортшымыз бақ сынайды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық Донна Векичпен жолығады. Қарсыласы бүгін басты фавориттердің бірі саналған беларусь қызы Соболенконы жеңіп кетті. Ал ерлер арасында Михаил Кукушкин беларусь теннисшісі Илья Ивашкомен жолығады.

Теннис. Әйелдер. Жекелей сын, 1/8 финал 11:00. Елена Рыбакина — Донна Векич (Хорватия)

Елена Рыбакина / ©AP/Seth WENING
Елена Рыбакина / ©AP/Seth WENING

Теннис. Ерлер. Жекелей сын 1/16 финал 09:30. Михаил Кукушкин — Илья Ивашко (Беларусь).

Михаил Кукушкин / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Михаил Кукушкин / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Одан бөлек, садақ атудан ерлер арасында жекелей сында Денис Ганькин өнер көрсетеді. Ал су добынан ерлер құрамасы В тобында Сербиямен кездеседі. Жексенбі күні Қазақстан құрамасы Хорватиядан 7:23 есебімен жеңілген.

Садақ ату. Ерлер, жекелей сын, 1/32 финал 09:00. Денис Ганькин — Юсуф Тольба (Мысыр)

Денис Ганькин / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Денис Ганькин / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Су добы. Ерлер 11:00. Қазақстан — Сербия.

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Боксшылардан ертең тағы екеуі рингке шығады. 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов АҚШ боксшы Деланте Джонсонмен ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. Сол секілді, 91 келідегі Василий Левит те Пиреней түбегінен келген Эммануэль Рейеспен кездеседі.

Ал Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасында топ жарған 200 метрге брасс жүзу сайсында іріктеу кезеңін бастайы.

Абылайхан Жүсіпов / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Абылайхан Жүсіпов / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бокс. Ерлер. 1/8 финал 14:15. 69 келі. Абылайхан Жүсіпов — Деланте Джонсон (АҚШ) 15:51. 91 келі. Василий Левит — Эммануэль Рейес (Испания)

Василий Левит / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Василий Левит / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Жүзу. Ерлер. 200 метр. Брасс 16:50. Дмитрий Баландин.

Дмитрий Баландин / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Василий Левит. Фото: Данияр Майлыбаев

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *