Токио-2020: Василий Левит нокаутқа түсіп қалды


Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі — 91 келідегі Василий Левит қарсыласынан нокаутпен ұтылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Василий Левит Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін испаниялық Эммануэль Рейеске қарсы өткізді. Рейес Испания намысын қорғайтын кубалық боксшы. Екі спортшының арасындағы жекпе-жек небары бір жарым раундқа созылды. Бірінші раундта төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Испания өкіліне берген. Екінші раунд басталған тұста қарсыласының ауыр соққы алған Левит құлап қалды.

Тағы оқи отырыңыз: Токио-2020: Ертең жерлесіміз Василий Левит рингке шығады

Төрешілер алдымен нокдаун деп есептеп, кейін нокаут болғанын анықтады да, кездесу тоқтатылды.

Осылайша, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері — жерлесіміз Василий Левит Токиодағы турнирден жүлдесіз қалды.

Фото ©REUTERS

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...