Мұхамбетов тұрғындарға уақытылы вакцина алуға кеңес берді

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Штаб отырысы барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Р.Айтбаевтың, Арқалық және Рудный қаласы мен Жітіқара ауданы әкімдерінің есебін тыңдаған.

Сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 маусым мен 25 шілде аралығында 4 724 рейдтік іс-шара өткізді, 190 карантиндік шараларды бұзушылық анықталды.
Инфекцияға қарсы іс-қимыл саласында 1 927 керуеттер бар, оның ішінде: 1 627 инфекциялық керует, жүктеме 51,9% құрайды. 300 карантиндік керует пен жүктеме 25,6% құрайды, — деді Мұхамбетов.

Бұдан басқа, барлық енгізілген ұсынысты қарап шығып, биыл 1-14 тамыз аралығында екі апта мерзімге мына шектеулерді енгізу туралы шешім қабылданғанын жеткізді:

Ashyq жобасына қатысуына қарамастан, демалыс және мереке күндері мына нысандардың жұмысы тоқтатылады.
— мәдениет, театрлар, кинотеатрлар нысандары.
— қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
— көлемі 2000 шаршы метрден асатын нысандар, оның ішінде азық-түлік емес тауарларды сататын СОО жұмысы шектеледі.
— азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, оның ішінде жабық базарлар.
— сауна, СПА-орталықтар, бассейндер, жабық спорт нысандары, термопарк.

Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде шектеу шараларын қайта жеңілдету туралы мәселе қаралатын болады.

Құрметті облыс тұрғындары, өз денсаулықтарыңызды және жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілік танытуға, эпидемияға қарсы іс-шаралардың барлық ережелерін сақтауға және COVID-19-ға қарсы уақтылы вакцинациядан өтуге кеңес беремін, — деді ол.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...