Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Жангелдин ауданында болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Бірінші кезекте Торғай ауылында Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Құрылыс құны 541 млн теңгені құрайды. ДСК-нің жалпы ауданы 1601,4 м2. Өткізу қабілеті 30 адам/ауысымда, 100 көрермен орнына арналған трибуна.
ДСК-де жаттығу залы, күрес түрімен айналысуға арналған зал, сондай-ақ ойындар өткізуге арналған зал: волейбол, бадминтон, үстел теннисі орналасқан.
Сондай-ақ аймақ басшысы Жангелдин аудандық ауруханасына барды. Мұнда 440,2 млн теңге сомасына модульдік қазандық құрылғысы бар хирургиялық корпусқа күрделі жөндеу жүргізілді.
Облыс әкімі сондай-ақ ауданның басқа да бірқатар нысанын аралады.
Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі
tobyl-torgai.kz