Қостанайда 310 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, СOVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ вакцинациялауды жүргізу үшін емханалардан басқа адамдар көп жиналатын орындарда жеке егу кабинеттері ашылған көрінеді.

Бүгінгі күні І компонентпен 309 839 адам немесе 61,3%-ы қамтылды. Ал ІІ компонентті 268 275 адам алған, бұл тиісті халықтың 53,1%-ын құрайды. Вакцинациялауды жүргізуге тиісті оқытудан өткен 426 медицина қызметкері жұмылдырылды, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кететін жайт, бүгінгі күні «Ashyq» жобасына қатысуға 4 819 өтінім қабылданды. Оның ішінде 4 719 кәсіпорын QR кодтарын алды.

Ағымдағы жылдың 1 тамызымен салыстырғанда «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 1 978 кәсіпорынға ұлғайды немесе бұл 41,0%-ды құрады.

Жалпы алғанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты және ерекше бақылауда тұр, — деп атап өтті Ерлан Спанов.

 

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *