64,7 %: Қостанай облысы ауылдардағы ауызсу мәселесін шеше алмай отыр

Бұл туралы tobyl-torgai.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ауыл халқын ауызсумен қамту деңгейі 4 өңірде төмен екенін мәлімдеді.

«Олар Қостанай (64,7 %), Шығыс Қазақстан (81,4 %), Солтүстік Қазақстан (82,1 %) және Жамбыл (82, 2%) облыстары. Ауызсумен қамту деңгейі 3 өңірде: Атырау (98,5 %), Алматы (98,3 %), Қызылорда (97,6 %) облыстарында жоғары», ˗ дейді министр.

Республика бойынша барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған.

Ал 1 922 ауылдың ауызсу мәселесі толық шешім таппақ жоқ.

фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *