Қарабалық ауданында Мұхамеджан Сералин атындағы мектеп ашылды (ФОТО)

Жаңа оқу жылында Қарабалық ауданының Қарабалық ауылында 320 орындық Мұхамеджан Сералин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жаңа орта мектеп ашылды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең заманауи талаптарға жауап беретін мектептің құрылысына шамамен 1,6 млрд теңге жұмсалды. Жаңа мектептің ашылуы балалар үшін де, педагогтар мен ата-аналар, жалпы ауыл тұрғындары үшін де көптен күткен қуаныш.

Мектепте сапалы білім беру процесі үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалған: интерактивті жабдықтары бар кабинеттер, екі компьютерлік сыныптар, ыңғайлы шеберхана, заманауи жаңғыртылған кітапхана, толық жабдықталған асхана және спорт залы бар.

Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес жеке кіретін есігі бар, толық күндік 40 орындық жабдықталған шағын орталық ашылды.

Сондай-ақ мектептерді жаңғырту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту жалғасуда. Биыл ауыл мектептерінің автобус паркі 30 жаңа автобуспен жабдықталады. Оның ішінде Қарабалық ауданының мектептеріне 5 жаңа автобус беріледі.

 

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...