Қостанайда тағы да өрт болды

Өрт сөндірушілер Қостанайдың саяжай аумағында өртенген шөп пен қоқысты сөндірді, деп хабарлайды  tobyl-torgai.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 қыркүйек күні сағат 11.30-да «101» пультіне Қостанайдан 18 шақырым жерде орналасқан «Пригородный» саяжай қоғамдастығының аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру есептоптарының келуі бойынша 10 га алаңда қараусыз қалған учаскелерде құрғақ шөптер, қоқыстар мен бұталар жанғаны анықталды. Қатты желдің салдарынан өрт учаскелердің бірінде ағаш дуалға жайылды. Саяжай үйлері зардап шеккен жоқ.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өртті сағат 16.23-те оқшаулап, 18.27-де толық сөндірілді.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...