Жүзбай қажы және оның мешіт-медресесі туралы

Возможно, это изображение памятник и на открытом воздухе
Бұрын үйде (төрде) бір бума зат ілініп тұратын еді, оны әке-шешем: «Құран бұл, тиіспеңдер» дейтін. Кейін білгеніміздей, ол діни кітаптар емес, анам жағынан атамыз Ысқақтың төте жазумен жазылған есеп-қисап, күнделікті тұрмысы туралы жазбалары екен. Арасында Қазан мен Орынбордан шыққан кітаптар да болды жаңылмасам. Күнделік іспеттес десе болғандай. Ысқақтың өзі де сауатты болған, кезінде Торғайдағы Иванов (қолөнершілік) мектебінде оқыпты. Діни білімі де болған деп ойлаймын. Өйткені бір кісінің намазын шығарып тұрған жерінен тұтқындап, мемлекетке қарсы адам ретінде жер аударып жіберген.
Жалпы, жоғарыда айтқандай кітаптар қазақ даласында, оның ішінде, Торғай жерінде де көп болды. Талайын сайын далада «зар заманда» көмді де, шіріп те кетті. Ол жөнінде Сейіт Кенжеахметов ағамыздың жазбасы да бар еді. Айтқандай, Сейіт ағамыздың «Қан» атты әңгімесі естеріңізде шығар. Өте әсерлі, сол замандағы дін жолындағы адамдардың қиын тағдыры суреттеледі. Аталған мақаладағы кейіпкерлердің бірі Таласбай молда. Таласбайды ел-жұрты қатты құрмет тұтатын, анамның Таласбай әулие, Таласбай ата (әке) деп отырғанын талай естігенмін. Бірақ, тағы бір шегініс жасайықшы. Біз молда десе «сәлдесі болар қазандай» деп оларды схоластикалық жағынан ғана көзге елестетеміз. Ал, жәдитшілдік туралы, олардың озық ойлы болғанын, білімге ден қойғанын ескермейміз.
Сонымен, менің бүгінгі айтпағым Жүзбай қажы және оның Ұлы Жыланшық бойындағы мешіт-медресесі туралы.
Жүзбай Шығанбайұлы туралы тағы ой салған, менің Жыланшық бойы туралы жазғандарыма жазылған пікірлер және Нұрыш Куанышбаевтың жіберген фотолары.
Сонымен Жүзбай қажы кім деген сұрақтың алдында жерлес нағашымыз Төлек Әбдіковтың шығармаларында да Таласбай бейнесі бар екенін еске саламын. Әрине, Таласбай молда жазушы шығармаларында елдің сөз болатын рухани көсемдерінің жиынтық бейнесі ретінде сомдалған.
Возможно, это изображение 1 человек, стоит, памятник и на открытом воздухе
Таласбай тақырыбын кейін қайта қарармыз, сонымен Таласбай молданың әкесі Жүзбай қажы деген кім?
Жүзбай қажының мекені Жыланшық бойы, дәлірек айтсақ Торғай уезінің Аққұм болысы. Жүзбай қажы сауатын ағартушы-ұстаз дәмолла Қанапия ашқан мектеп-медреседе ашады. Кейін Жүзбай 1876 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесін тәмамдайды. Бұл жерде Ғалия қыздың аты емес, арабша жоғары мектеп дегенді білдіреді. Қазақтың талай зиялалылар осы «Ғалияны» тәмамдап еді. Жүзбай 1890 жылы Меккеге қажылыққа барған. Мына суреттегі мешітті Жүзбай қажы 1894 жылы Жыланшық өзенінің бойында тұрғызған екен (бірақ, белгі жазуда 1883 жыл деп тұр, дұрысы осы кезең болар).
Жыланшық өзені бойындағы аталған мешіт-медресенің ені – 18, ұзындығы – 38 метр. Әкесі оқыған медресені бітірген Таласбай сол мешітте имам болады.
Байділдин Шөптібай ағамыздың айтуынша осы Жыланшық өңірінде Бердікей ишан, Арыстанбай ишан, Құлмұхаммед ишан, Әбдірахман ишан, Әбдірайым ишан, Қази ишан, Әулие Сармолда, Қарамолда, Маймасар Тастаған оташы, Әулие Құлмырзаұлы Бәймен, атақты әулие қобызшы Тілеп бақсылар өмір сүрген.
Жалпы, Торғай жеріндегі, оның ішінде, Жыланшық бойындағы «Көкөлең» деген жерде Әмір Әбдіғапар ханның әкесі Жанбосынның үлкен қызыл мешіті, Бірәлі байдың мешіті мен медресесі, Смайылдағы мешіт, Рахмет байдың медресесі үйімен қабырғалас болған деседі. Байтастағы мешіт, Оннандағы, Егіндідегі мешіт, Көшімбектің мектебі сол кезде сауат ашуға үлкен ықпал еткен.
Бір деректерде Торғай жерінде 54 мешіт болды дегенді оқып қалып едім.
Возможно, это изображение памятник и природа
Журналист Мылтықбай Ысмағұловтың жазуынша Жүзбай мешіт-медресесінің сәулеттік үлгісі Қостанай-Торғай өңірінде бұрын кездеспеген екен. Мешіт-медресе бір қабатты, бірақ еңселі, тұғырлы болған. Готикалық үлгіде салынған мешіт терезелерінің арасы 2 метрдей болып, екі қатарында сегіз-сегізден 16 терезе болған. Соңғы терезеден төрт метрдей кейін намазға имам тұратын орын-миһраб жасалынған. Мешіт екі бөліктен тұрған. Біріншісі – діни рәсімдер атқарылатын үлкен бөлме, мұның сыртында мешіт жанынан балалар жатып оқитын он бөлмелі медресе тұрғызылған. Мешіт қыл қосылып дайындалған кірпіштен салынып, сырты қызыл кірпішпен өрілген, төбесі қаңылтырмен шатырланып, еңселі, күмбезді болған. Мешіт жанында биіктігі 3 метрлік азан шақыратын мұнара тұрғызылған. Осы айтылғандардың сыртында молда үшін төрт бөлмелі сәнді үй салынған. Мешіт аумағы биіктігі 1,5 метр болып келетін кірпіштен өрілген дуалмен қоршалған.
1917 жылы Жүзбай қажы өмірден өтеді. Ал мешіт-медресенің одан кейінгі тағдыры аянышты, қазіргі күні мына фотодағыдай. Нұрыш Куанышбаевтың жазуынша елсізде, Алтыбай жақта екен, Шойынқаптың қасында, Алтыбайдан төмен қарай 10-15 шақырымдай болар. 
Амандық Әмірхамзин,
фото: Нұрыш Куанышбаев

Мынаны да қараңыз

Президент Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанайға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тоқаевты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ...