Қостанай полиция қызметкерлері жалған терроризмнің бірнеше дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
9 қаңтарда қала полициясына әуежай ғимаратында, ауруханаларда, кітапханаларда және басқа да нысандарда жарылғыш заттар салынған деген жалған қоңыраулар келіп түсті.
Қазір полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтап жатыр. ҚР Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар») бойынша соталды тергеу басталды.