Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі бойында тозған құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz қалалық «Қостанай-Су» кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәуелсіздік көшесі 105 мекенжайы маңында тозған құбырдың жарылуы туралы хабарлама 10 желтоқсан күні сағат 11:00-де түсті. Жөндеу жұмыстарына арнайы бригада қызметкерлері мен 3 техника жұмылдырылды. Осыған байланысты Тәуелсіздік көшесіндегі №105, 107 көпқабатты үйлер мен Халыққа қызмет көрсету орталығы және Козыбаев көшесіндегі № 96, 98 үйлер судан ажыратылды, — деп мәлім етті «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметінен.
Мәлім болғандай, құбырды қалпына келтіру жұмыстарын бүгін аяқтау жоспарланған. Бұл аралықта тұрғын үйлерге арнайы техникамен су жеткізіледі.