Қостанай облысында екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

Қостанай облысына қарасты Надеждинка ауылында екі адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

 ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне, 23 қаңтарда жанып кеткен үйдің опырылған төбесінің астынан бір адамның және далада, қар астынан тағы бір адамның мәйіті табылған.

Табылған екі мәйіт бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу аясында мәліметтер жарияланбайды, — делінген хабарламада.

Фото: Әбіл ДОЩАНОВ

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...