Журналистерге Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция көрсетілді (ФОТО, ВИДЕО)

Қостанай облысының экс-әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция жергілікті журналистерге көрсетілді, деп хабарлады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz.

Бұл резиденция психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығына берілгені белгілі болды.

31 наурызда қостанайлық журналистерге ғимараттың қандай екені, жоғары лауазымды тұлғалар тұрған жер көрсетілді. Бұл резиденция қаладан сегіз шақырым жерде орналасқан.

Аумақта алты ғимарат, фельдшерлік пункт пен жеке қазандық бар. Қазір мұнда екі күзетші мен қазандық операторы жұмыс істейді.

Бұған дейін мұнда облыстың бұрынғы әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған. Ол 2015-2022 жылдар аралығында әкім қызметін атқарған еді.

Резиденцияның айналасы үлкен аумақ, өзенге жол бар.

Еске салайық, бұған дейін Президенттің Қостанай, Ақтау, Тараз, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы резиденциялары балалар игілігіне берілетіні хабарланған болатын. Кейін әкімдіктер бұл ақпаратты растап, Президент тапсырмасымен әрекет ететіндерін айтты.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...