«Біз үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз»: Екатерина Смолякова, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат

Respublica партиясы өкілдерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау тұрғындарымен өткен кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова еліміздің үлкен өзгерістердің алдында тұрғанын айтты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.

Біз өз идеяларымызды осы жерге келіп жеткізе алғанымызға қуанамыз. Respublica партиясы да бізге дәл уақытында келді деп ойлаймын. Қазір аумалы-төкпелі заманда өзгерістерге ұмтылуымыз керек. Қазір біз үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз. Біздің басты қаруымыз — білімді жастар болуы керек. Қазір ғылым қарыштап дамып, басқа елдер басқа ғаламшарларды зерттеп жатқанда, біз әлі әлеуметтік проблемалар, жемқорлық сияқты мәселелердің алдын ала алмай отырмыз. Біз жаңа деңгейге өтуіміз керек, — деді Смолякова.

Кандидат аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қанатты сөзін еске алды.

Қазақстанды ұзақ жылдар басқарған, әділдігімен, кемеңгерлігімен ұлт есінде қалған Қонаев атамыздың: «Жастық шақ қанатты жаю үшін емес, ұшу үшін керек» деген сөзі бар. Сол сияқты ұшатын уақыт келді. Таңдау жасайтын уақыт келді. Өзгеретін уақыт келді, — деді спикер.

Мынаны да қараңыз

Fitness Park KZ: Бұқаралық спортта мәдени код пен шығармашылық контентті үйлестірдік

Әлемді індет жайлаған уақытта жастар арасында саламатты өмір салты мен спортты күн сайынғы дағдыға айналдыру ...