Қостанайда коммуналдық қызметкерлер көшеден адам сүйектерін тауып алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті полицейлерлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтап жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, 4 шілдеде сағат 14:30-да «ҚЖЭК» МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқаны туралы хабарлады.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Фото: дереккөз