Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай облысы еліміздің негізгі астық егетін аудандарының бірі болып табылады, сонымен бірге мұнда өнеркәсіп жақсы дамыған. Қордың Қостанай облысындағы филиалының басшысы Амандық Әмірхамзин атап өткендей, жоғары экономикалық әлеуетке қарамастан, өңір елеулі проблемаларға тап болып отыр. Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, медициналық және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі, ...
Толығырақ »Tag Archives: «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры
Қор өкілдері қандастармен кездесті
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің белсенділері Рудный қаласына арнайы барып, қандас, кәсіпкер Алмат Нұрмахановпен арнайы барып кездесті. Кейіпкер туралы қысқаша ақпарат айта кетсек, ол 2003 жылы Өзбекстаннан көшіп келіп, Рудныйдың іргесіндегі Юбилейный ауылына қоныс тебеді. Жергілікті кен байыту комбинатына жұмысқа тұрып, тұрақты табысы болса да, көңілі ата кәсіпке ауа берді. Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды көрген ...
Толығырақ »Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы Батырбек Ахметовпен әңгіме өрбітіп, Қордың алға қойған мақсат-міндеттерін таныстырды. Басты құжат Үндеу-Манифестің мазмұнымен танысқан Батырбек Мықансалықұлы негізгі бағыттардың өзектілігіне тоқталып, сәттілік тіледі. «Әсіресе, Заң алдындағы теңдік ¬– өте маңызды. Өз ісіне жауапкершілік алмайтын органдар бар. Соның салдарынан азаматтардың құқығы тапталып жатады. Мұндай келеңсіздікке жол бермей, ...
Толығырақ »«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қазақстанның негізгі өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар ашып жатыр
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры Қазақстанның негізгі өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар ашты. Енді Астана, Алматы, Ақтөбе және Түркістан тұрғындары үшін құқықтық көмек одан сайын қолжетімді болады. Қоғамдық қабылдауларға келген әр қазақстандыққа еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық қолдау мен тегін заңгерлік көмек көрсетіледі. Қазақстан тұрғындары мен билік арасындағы кері байланыс орнату, әр азаматтың өзін алаңдататын мәселелер жайлы айтуына мүмкіндік беру Қордың ...
Толығырақ »ЖАҢА ҚОРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
Қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға қатысты сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі пайда болды «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңгерлік қолдау мен кеңес беретін «Әділеттілік құқығы» атты интернет-қабылдауын ашып жатыр. Жобаның бас сарапшысы – еңбек құқығы бойынша белгілі тәуелсіз құқық қорғаушы, Астана қаласының Заң кеңесшілері палатасының заңгері Аржан Сәдуақас. Ол Қоғамдық қордың YouTube арнасында тұрақты түрде ...
Толығырақ »Астанада «Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр
Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры бастамашы болды. Әділеттілікті жақтаушылар қоғамның қоғамдық күн тәртібінен жиі тыс қалатын түйіткілдерді талқылау үшін жиналады. Ұйымдастырушылар барлық мүдделі тарапты – жұмыс берушілерді, мемлекеттік органдар, кәсіподақтардың өкілдерін пікірталасқа шақырды. Жиынға тау-кен жұмысшысы, «Қазақмыс» корпорациясының кәсіподақ ұйымының өкілі Шәмші Хамзе, ҚР ЕХӘҚМ еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бас директорының м.а. Әлімжан Бекмағамбетов, ҚР ...
Толығырақ »«Әділдік және өркендеу» ҚҚ кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырады
«Қарметтегі» проблемалар, «Қазақмыс» пен «Майқайың алтындағы» оқиғалар отандық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту керектігін көрсетіп отыр. Бұл саладағы еңбек адамының құқығын қорғау үшін қоғамдық әрі сараптамалық бақылауды арттыру керек. Жүргізілетін мониторинг, тәуекелдердің алдын-алып, кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалардан сақтануға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі саласындағы күрделі мәселелерді анықтау. Өнеркәсіптік кәсіпорындарының еңбеккерлері мен қызметкерлерін, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы ...
Толығырақ »