«Біз Орталық Азия елдері үшін тағы бір тенденцияны атап өткенді жөн көрдік. Ол да өңірдің дамуына қатты ықпал ететін болады. Ағымдағы жылы өңір халқының кемінде 30 млн. адамы немесе 45 пайызы интернет пен әлеуметтік желіге қолжетімділігі артады. Бұл да өңірдегі процеске әсер етеді», — деді ол. Оның атап өтуінше, интернетті тиімді коммуникация ретінде қолданудың белгілі бір мүмкіндіктері бар. Ол азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін, ақпарат пен білім алуын жеңілдетеді. «Орталық Азияның бірқатар елдерінде коммуникацияларға және мемлекеттік қызметтергге азаматтардың қолжетімділігін кеңейту бойынша түрлі жобаларды ауқымды әрі қарқынды жүзеге асыратын болады. Қазақстанда «Азаматтар үшін үкімет» жобасы одан ары жүзеге асырылады. Мұндай жобалар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанда да қолға алынады», — деді Е.Қарин.
inform.kz