Интернет пен әлеуметтік желі қолжетімді бола түседі

2017 жылы Орталық Азия тұрғындарына интернет пен әлеуметтік желі қолжетімді бола түседі. Бұл туралы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Орталық Азия елдері үшін тағы бір тенденцияны атап өткенді жөн көрдік. Ол да өңірдің дамуына қатты ықпал ететін болады. Ағымдағы жылы өңір халқының кемінде 30 млн. адамы немесе 45 пайызы интернет пен әлеуметтік желіге қолжетімділігі артады. Бұл да өңірдегі процеске әсер етеді», — деді ол. Оның атап өтуінше, интернетті тиімді коммуникация ретінде қолданудың белгілі бір мүмкіндіктері бар. Ол азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін, ақпарат пен білім алуын жеңілдетеді. «Орталық Азияның бірқатар елдерінде коммуникацияларға және мемлекеттік қызметтергге азаматтардың қолжетімділігін кеңейту бойынша түрлі жобаларды ауқымды әрі қарқынды жүзеге асыратын болады. Қазақстанда «Азаматтар үшін үкімет» жобасы одан ары жүзеге асырылады. Мұндай жобалар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанда да қолға алынады», — деді Е.Қарин.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *