«Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы 2017 жылғы 16 қаңтардан еліміздің барлық аумағында бірқалыпты («сары») террористік қауіптілік деңгейінің әрекеті алынып тасталатыны жөнінде хабардар етеді. Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады» делінген хабарламада.
tobyl-torgai.kz