«Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексермелеу жабдық кешені сатып алынды», — деді ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының Вокзал шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев. Ж.Көрпебаевтың айтуынша, бұл орайда тексерісті өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келу қажеттілігін мәлімдеді.
tobyl-torgai.kz