Қар жауып, бұрқасын болады

Синоптиктер 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жасады деп хабарлайды egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Ақпан айында қар жауып, бұрқасындатады. Кезекті циклон Батыс Сібірге ауысып, Солтүстік Қазақстан арқылы өтеді. Циклон мен атмосфералық ағымдар көптеген облыста ауа райын өзгертеді. Соған байланысты қар жауып, бұрқасын болады. Жол көрінісі мүмкіншілігі нашарлап, 500 метрге дейін барады. Желдің ұйытқуы 15-20 метр секундқа, ал солтүстік облыстарда оның жылдамдығы 23-28 метр секундқа дейін жетеді» делінген хабарламада.

Синоптиктердің дерегіне сүйенсек, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары оңтүстік циклонның ауа ағымында болады. Сондықтан бұл жерлерде жауын-шашын болып, ылғалды қар жауып, тұман түсіп, батыстан қатты жел соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы төмендеп, көк тайғақ, қар мен тұманның салдарынан көрініс мүмкіндігі төмендеп, 200-500 метрге дейін барады.

egemen.kz

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *