Шалдан шыққан шатақ пен 40 теңгелік «атақ»

ШАЛ11фельетон

«Арыстан қартайса тышқан аулайды» дегенді қайран қазекем «бірдеңені білгесін» барып айтқан екен ғой. Ертегіге елітсек, арыстан аңдар арасында, орман ағашында – «патша». «Патша» тышқан аулайтын күйге түскенде, одан «дәрежесі» төмен хайуандар қандай да бір ұсақ әрекетке барып, мазаққа қалып жатса, бәлкім, таңғалудың қажеті де жоқ шығар.
Біздің жақта «арыстан» деген атымен жоқ, өйткені, тұрағымыз Орман емес, Тоғай еді. Әйтсе де, кезінде қақпанға түсіп, одан әупірімдеп аман шығып, сол «ерлігі» үшін өз-өзіне «арлан» деп қойып, айдар таққан «қасқырлар» баршылық. «Баршылық» деп баяғы заманша бөсіп кетіппін, қазір олар да азайып-азайып жалғыз қалып, «қызыл кітапқа» кіруге шақ тұр. «Алжыған қасқыр айға қарап үредінің» кері, жарықтық «кәрі-бөрі» «барса-келместің» кемесіне мінер алдында, «қызыл кітапқа» ғана емес, «қызық кітапқа» да кіруді мақсат тұтатын сияқты. Соңғы уақыттағы оспадар әрекеттері осындай ойға итермелейді.
«Арлан» деп қанша «ардақтағанмен» ата тегі қасқыр ғой, қасекең жарықтық тіміскілеп қан іздемей, оңай олжа мал іздемей, терісін төлеп құтылар дау іздемей тұра ала ма?! Дамыған заманда далада тегін жайрап мал жата ма, жайрап мал жатпағасын, қорқауды «қанағаттандырар» қан жата ма, көр-жерден жалаған жуындысы жемсауына «жұқ болмағасын», жыртқыш құрғыр жай жата ма?! Жатпайды, әрине. Сосын маңайына соқтығады. Желке жүні жидіген кәрі қасқырдың кезіндегі «керемет» аты кімге дәрі, соқтығам деп соққы жейтін болып жүр. Былтыр күзде бейпіл «ырылына» жауап ретінде тұмсығын қанатты. Тісі батқан, ісі жүрегіне ыза болып қатқан тоғайдың тұрғындарының армансыз айызы қанды. «Сақалынан сүйреп жүріп сабаса да сауап» десті. Әйтсе де, әркімге әжуа болып, әлемге әшкереленсе де, ақылсыз «арлан» сабақ алмаған тәрізді. «Тұмсығын тіктіріп», қылшығын қайта күжірейте бастапты! Өмір бойғы күнәсіне терісін төлеп құтылар күн тақағанын сезген соңғы «тұяқ серпері» ме екен бұл?..
Бәріне анық болуы үшін енді ертегі қуаламай, адамдар арасына өтейік… Тоғай дегеніміз тоғай емес еді, толағайларды тудырған текті ел еді. «Арлан» дегеніміз ақшулан емес, арсыздықпен аты шыққан «ақсақал-тұғын». Айналасын ығыр қылған сол «шулан» тектілер туған мекеннің теріс атын жайып, шулатып-ақ келеді…

ШШШ

Жақында үлкен бір қастерлі жиында әлгі «ақсақалымыз» қағазға таласып, қадірменді қонақтардың алдында елдің мерейін жер қылып, әбестіктің әкесін көрсетіпті. Арсыздың атын атай салу қиын емес, әйткенмен, «үй артында кісі бар», жаман атағы жалпы елді ұятқа қалдырар болған соң, есті жандардың бәрі іштей тынып отыр. Шалдуар шалға шатақ шығартып, салауатты мерекенің берекесін алуына себеп болған «мақтау қағазының» құны қымбат дегенде қырық теңге!
Құтты мекенге «құс келе қойған жоқ еді», қариямыздың «қууына» не себеп екен? Шамасы, шынайы бағасы қырық теңгелік «мақтау қағазының» бұдан мәртебесі де, дәулеті мен сәулеті де әлденеше есе артық «бақталастарына» бұйырғаны ішін тырнаған шығар. Байғұстың абыройы құлдырай-құлдырай қырық теңгеге түсіпті…
Бүгінде базардан қырық теңгеге қандай зат алуға болады? Білетінім, «жеке жерге» пайдаланылатын бір орама жұмсақ қағаз түседі. Қырқылжың шалдан құны да сол шамалас-ау…

Анар ЖҰМАБАЙ

Мынаны да қараңыз

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫНЫҢ қалжыңдары

Бір орыс елінің қатыны… Cейіт Кенжеахметұлы Қазақстан егемендік алған алғашқы жылдары «Қазақ тілі» қоғамының Торғай ...

5 пікір

  1. Торғайдан

    хе-хе-хе, ішегім түйіліп өлдім-ай))) Анар замандас аямай тұрып сойған екен, «арлан» дегеннің кім екенін айтпай-ақ білдім. Дұрыс, бетімен кеткен шалдарды осылай іреп тұру керек. Енді оның «ұяластарын» да жазсаңдар жақсы болар еді

  2. Оның кім екенін бәрі біліп отыр. Бір есептен атын айтпағаны да дұрыс болған. Елдің жаман атын шығарады. Қазір қай үйге қонаққа барма, екі адамнын басы қосылса солардың былығын айтатын болыпты. Масқара-ай,

  3. Болат Абдибеков

    Я читал внимательно так как Я сам из этих мест , Мне было стыдно за таких наших Аксакалов . Уважаемая Анар Жумабай , Вы когда пишите Фельетон , не надо скрывать от читателя (ОТ НАРОДА) тогда будет ВАС любить и ценить ,как журналиста . Вы пишите как загадку , каждый читатель должен гадать КТО ОНИ. Задайте себе вопрос ,почему Торгайский регион НЕ развивается , раскройте причину . Отдаленность от областного центра г.Костанай , плохая дорога , мало кредит выдают ,если дают то под большой процентную ставку . Залоговое имущество почти что не берут ,даже в г. Аркалык . Производство нет . От Озеро Акколь в бюджет района почти ни чего не поступает. Массовый Народ ни чем НЕ занято . Население района занято только на гос работах ,это бюджетные организаций , который не дает ни какой прибыли для государство . Получается Народ бездельничает. Кроме драки чем ОНИ должны заниматься , все правильно . Надо было СЕКУНДАНТА назначит , как ПУШКИН и ДАНТЕС , Они то за Татьяну стрелялись , А наши Аксакалы за Грамоту. E-mail: abk-777-1@mail.ru Анар Жумабай вы скинте мне , все таки ФИО Аксакалов. Анар есть у меня хорошая тема . ,если есть интерес 87018165721.

  4. Анар Жұмабай, жауап жазсайшы Болат Абдибековке.

  5. Төбелесіп жүрген батырлардың аттарын халық өздері ақ айтып берді і телефон арқылы олар Какімжан Карбозов пен Кокжал деген ақсақалдар екен . қазір 6 жыл өтіп кеіпті

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *