«Бұл өтірік показуха ғой»: Арқалық қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады

Жуырда Арқалық қаласының әкімі Қ.Әбішев азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. 

«Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (балконды, пәтерді жөндеу, су құбырын тарту, коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу) және Родина орта мектебін жөндеу мәселелері бойынша 7 адам қабылданды. Қала әкімі жеке қабылдау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктеме берді. Сонымен қатар бірқатар мәселе бойынша жауапты қызметкерлерге тапсырмалар берілді» делінген хабарламада.

Осы постқа комментарий жазған жергілікті тұрғындардың пікірлеріне көз жүгіртсек, Серік Төлекбаев есімді азамат «Осы қабылдаулардан шешімін тапқан мәселелер бар ма? Әлде жай әңгіме ме?» деп жазса, Батырхан Карашинов: «Мен тұратын Маясов, 17-үйдің де біраз қордаланған мәселелерін қозғау үшін қабылдауға жазылу керек екен. Түк жұмыс жоқ жасалған, қыста қары күреліп, жазда ауласын сыпырғандарына ақы төлеп отырмыз. Подъезде домофон есігі қойылмаған, кірген-шыққанның дәрет сындырар орны десем, артық болмас. Кондоминиум «Аркалык и К» дегенге қараймыз. Арнайы комиссия шығарып, қарауларыңызға болады» деген пікірін қалдырған. 

Сондай-ақ Гүл Бақытқызы есімді азаматша «Арқалықтың екі көшесінің қары қашан тазаланады екен?! Абай мен Шақшақ Жәнібек көшелерінің, «Бек» дүкенінің алдындағы тротуардан таза жүре алмайсың» деп жазса, Айболат Бексұлтанов есімді Фейсбук қолданушы: «Бұл өтірік показуха ғой, отчет беріп жатыр» деген пікірін жариялаған. 

 

Мынаны да қараңыз

Облыстық штабтың отырысы өтті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *