Қостанай жарықсыз отыр

Қостанай жылу орталығы өңірдегі қатты боранның әсерінен болған ақауға байланысты тұрғындарға хабарлама жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті электр энергиясын тұтынушылар! 7 сәуірде ауа райы салдарынан Қостанай облысының жүздеген елді мекені электр жарығынсыз қалды. Олар «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «ЭПК-forfait» ЖШС желілерінен ажырап қалды. Жоғарыда аталған ұйымдардың білікті қызметкерлері кешегі күннен бастап өз желілерінде қалыптасқан апаттық жағдайды жою бойынша жұмыстарды үздіксіз жүргізуде» делінген орталық хабарламасында.

Қазіргі уақытта бірінші кезекте ауруханалар, су және жылу компаниялары сынды әлеуметтік нысандарға жарық жүргізілді. Оларға қосалқы стансалар арқылы жарық қосылды. Бұл жұмыстар қазір де жалғасуда. Қостанай жылу орталығы басшылығы тұрғындардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *