Ауыл әкімдерін сайлау: Қарин заң нормаларын түсіндірді

Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин жаңа Конституциялық заң нормаларын түсіндіріп, елімізде биыл алғаш рет әкімдер сайлауы өтетінін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

«Қазіргі уақытта Президенттің саяси реформалары аясында 10 заң қабылданды. Бүгін қол қойылған заңдар Мәжіліске саяси партияларды өту үшін шекті деңгейді 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» бағанын енгізу және биыл белгіленген ауыл әкімдері сайлауын өткізу бойынша нормаларды бекітті», — деп жазды Ерлан Қарин Telegram-арнасында.

Оның айтуынша, ол заңдар түрлі қоғамдық алаңдарда, Парламент қабырғасында сарапшылар мен азаматтық белсенділер, саяси партия өкілдерінің қатысуымен мұқият және жан-жақты талқылаудан өткен. Осы тақырыптар бойынша пікірталастар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі алаңында да болған. Сондықтан осы заңдардың қабылдануы елдегі қоғамдық-саяси диалогтың тиімділігін көрсетеді.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

 

фото: sputnik.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *