Амангелді ауданының тұрғынынан 100-ге жуық ақбөкен мүйізі табылды

Қостанай облысы Амангелді ауданының 46 жастағы тұрғынынан 96 ақбөкен мүйізі табылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Тәртіп сақшылары ер адамның сөмкесінен ақбөкеннің 96 мүйізін тапты. Тәркіленген заттың салмағы 15 келіден асты», –  делінген бүгін таратылған хабарламада.

Факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе туындыларымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптамалар тағайындалды.

Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалған.

фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *