Қостанай облысында Lada автокөліктерінің барлық моделі шығарылып, сондай-ақ, КамАЗ жүк көлігінің жаңа үлгісі құрастырылмақ деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігінің өкілі Денис Пак Қостанай өңіріндегі өндірістік кооперацияның әлеуетін барлап көріпті.
Үкіметтің баспасөз қызметі отандық зауытта көліктерге қажет шанақ өндірісінің технологиясы игеріліп жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, Роман Скляр КамАЗ компаниясының бас директорымен бірге жаңа зауыт құрылысының барысымен танысқан. Мұнда жүк көлігінің жаңа моделіне арналған шойын құймасы компоненттерін шығару жоспарланып отыр. Бұл — 600-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек. Жобаның инвестициялық құны шамамен 82 млрд теңге.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі 8 бірдей құжатқа қол қойған.
фото: ашық дереккөз